Әдістемелік тренинг «Педагогтың құқықтық мәртебесі және кәсіби жауапкершілігі» » ГУ "Коррекционный ясли сад №24 для детей с тяжелыми нарушениями речи"
Алматы қаласы Білім басқармасының
«Түзеу үлгісіндегі сөйлеу мүмкіндіктері шектеулі балаларға арналған №24 бөбекжай-балабақшасы»
мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Меңгеруші :
+7(727) 249-18-10
Әдіскер:
+7(727) 249-18-29
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Әдістемелік тренинг «Педагогтың құқықтық мәртебесі және кәсіби жауапкершілігі»
02
наурыз
2026

Әдістемелік тренинг «Педагогтың құқықтық мәртебесі және кәсіби жауапкершілігі»

Әдістемелік тренинг

«Педагогтың құқықтық мәртебесі және кәсіби жауапкершілігі»

Мақсаты:
 Педагогтардың кәсіби құқықтары мен жауапкершілігі туралы білімдерін арттыру, заңнамалық сауаттылығын дамыту және педагогикалық қызметте дұрыс шешім қабылдауға үйрету.

Міндеттері:

  • педагогтардың құқықтары туралы ақпарат беру;
  • педагогикалық жауапкершілік түрлерін түсіндіру;
  • кәсіби этика мен заң талаптарын сақтау дағдыларын қалыптастыру;
  • педагогтардың өз құқықтарын қорғау мәдениетін дамыту.

Педагогтың негізгі құқықтары:

  • білім беру процесін ұйымдастыруда әдістер мен тәсілдерді таңдауға құқылы;
  • кәсіби біліктілігін арттыруға;
  • қауіпсіз еңбек жағдайына;
  • ар-намысын қорғауға;
  • педагогикалық бастамалар мен шығармашылыққа;
  • кәсіби бірлестіктерге қатысуға.

Педагогтың жауапкершілігі:

  • балалардың өмірі мен қауіпсіздігіне;
  • білім беру бағдарламасының орындалуына;
  • педагогикалық этика нормаларын сақтау;
  • құжаттарды дұрыс жүргізу;
  • балалардың құқықтарын қорғау.

Топтық жұмыс «Жағдайды шешу» 

Қатысушылар 3 топқа бөлінген.

Әр топқа жағдайлық тапсырма берілген.

1-жағдай:
 Ата-ана педагогқа дөрекі сөйлейді және балаға әділетсіз баға қойдың деп айыптайды.
 Сұрақ: педагог өз құқығын қалай қорғайды?

2-жағдай:
 Баланың мінез-құлқы қиын, ол басқа балаларға кедергі келтіреді.
 Сұрақ: педагогтың жауапкершілігі қандай?

3-жағдай:
 Педагогтан өзінің қызметіне кірмейтін жұмыстарды орындау талап етіледі.
 Сұрақ: педагог не істеуі керек?

Топтар талқылап, өз шешімдерін ұсынады.

 Жаттығу «Құқық па, міндет пе?» 

Қатысушыларға карточкалар таратылады.
 Олар «құқық» немесе «міндет» екенін анықтайды.

Мысалы:

Мысал

Жауабы

Біліктілікті арттыру

Құқық

Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету

Міндет

Педагогикалық әдістерді таңдау

Құқық

Сабақ жоспарын дайындау

Міндет

Рефлексия «Бір сөзбен» 

Қатысушылар тренинг туралы өз әсерін бір сөзбен немесе бір сөйлеммен айтады.

Мысалы:

  • пайдалы
  • қызықты
  • маңызды
  • тәжірибелік

Қорытынды

Педагогтың кәсіби қызметінде құқық пен жауапкершілік бір-бірімен тығыз байланысты. Өз құқықтарын білу педагогқа өзін қорғауға көмектеседі, ал жауапкершілікті түсіну білім беру процесінің сапасын арттырады.